Елімізде емханаға тіркеу науқаны басталды

0
766

Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді.


Елімізде емханаға тіркеу науқаны басталды

ERNUR.KZ. 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап алады.

Өзге емханаға тіркелген кезде, бұрынғысынан автоматты түрде есептен шығарылады. Тағы да қандай себептерге байланысты емхананы ауыстыруға болады? Еске сала кетейік, тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Оны жылына бір мәрте еркін таңдау құқығы бойынша жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша мекен жайын, жұмысын не оқуын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, немесе өзі тіркелген емхана жабылып қалса не қайта құрылса, т.б. жағдайда емханасын ауыстыра алады.

Қосымша ақпараттарды fms.kz сайтынан, 1406 мобильдік қосымша Qoldau 24/7 Телеграм-бот SaqtandyryBot алуға болады.