Елімізде қайтадан күн жылиды

0
480

Іс материалдары бойынша, биыл жазда 19 жастағы жігіт әлеуметтік желіде жарияланған "President family" деген видеоға өз пікірін жазған.


Елімізде қайтадан күн жылиды

ERNUR.KZ. Қазақстан синоптиктері алдағы үш күнде – 14-16 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күн мезгілсіз жылы болады, деп жазады zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, қараша айының қалыпты емес жылы болуы қыстың басталуын едәуір кейінге қалдырды. Болжам бойынша жылы күндер әлі де сақталады.

"Басынан бастап Қазақстанның батысы, содан кейін қалған аймақтары екі – оңтүстік және Атлант мұхиты циклонының ықпалында болады. Олар ауа райын бұлтты және жаңбырлы етеді. Ал температура фоны айтарлықтай монотонды болады деп болжанып отыр. Бірақ орташа жылы", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, тек еліміздің оңтүстік облыстарында көшпелі бұлт шығып, күндіз ауа температурасы +17+22°С-қа дейін көтеріледі.