Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы шарықтап тұр

0
638

Арнайы дүкендерде қысқы көлік дөңгелектерінің құны 20 пайызға қымбаттап кеткен.


Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы шарықтап тұр

ERNUR.KZ. Биыл Қазақстанда автокөлік баллондарының бағасы шарықтап тұр, деп жазады stan.kz

Арнайы дүкендерде қысқы көлік дөңгелектерінің құны 20 пайызға қымбаттап кеткен. Базарлардағы баға да көңіл қуантарлық емес. Сатушылар да, оны алушылар да бұны растап отыр.

Алматының көлік балондарын сататын арнайы дүкендерінде дөңгелектердің құны аспандап кеткен. Брендке айналған жапониялық, неміс және ресейлік тауар түрлері айтарлықтай қымбаттапты. Қытайлық каучуктардың бағасы да мәз емес. Қыстың қамын жасау үшін қалтаңызда кемінде 120 мың теңге болуы керек. Оның өзі арзанын алу үшін. Ал қымбатының құны ұшып тұр.

“Мынау дөңгелек мысалы, бізге танымал Toyota Camry дөңгелегінің өлшемі. Былтыр бұны 71-75 мың теңгеге алуға болады. Енді өсті. Қазір 85 мың 400. Бағалар апта сайын емес, күн сайын өседі. Мына короновирус деген эпидемиядан кейін логистикалық тізбек бұзылды”, – дейді сатушы Медет Байшалов

Базарлардағы баға да мәз емес. Барлық резеңке дөңгелектер 10 пайызға қымбаттады дейді сатушылар. Төрт дөңгелекті 100 мың теңгеге саудаласып жүріп алуға болады. Оның өзі қытайлық каучук. Ал танымал брендтердің құны әлдеқайда қымбат. Бірақ, таптыра бермес тауарға айналған.

“Былтырғыға қарағанда біраз қымбат. Әрқайсысы қымбат. Неліктен екенін біз білмейміз. Фирмадан солай кеп жатыр. Ресейлік дөңгелек мүлдем жоқ. Былтыр көп еді. Қытайлық қана қалды. Қытайлықтың өзі қымбат”, – дейді сатушы Ерназар Баймұратов.

"Базардың өзінде шиналардың бағасы 22 мың теңгеден басталады. Ал былтыр 16 мың теңгеге бір дөңгелек алуға болатын еді" - дейді сатушылар. Қазір бұл бағаға тек шағын көліктердің кіп-кішкентай резеңкесіне қанағат қылады екен.

Шиналардың құны қазір күн санап шарықтап жатыр. Қара суыққа қамданған қарашаның оны алмасқа амалы жоқ екені түсінікті.