Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 15 адам қайтыс болды

0
1 663

​Денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 15 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 13, пневмониядан 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Министрлік мәліметі бойынша, 26 821 адам короновирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 377 адамның жағдайы ауыр;
• 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 70 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған, 192 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 50 765;
өлім жағдайлары – 696;
барлығы 48 610 адам сауығып шықты.