​Елімізде құс азығы жетіспейді

0
1 034

Қазақстандық құс өсірушілер дабыл қағуда. Елімізде құс азығы тапшы.


​Елімізде құс азығы жетіспейді

ERNUR.KZ. Елімізде бизнес саласындағы заң бұзушылықты алдын ала бақылау институты енгізілді. Ол арқылы кәсіпкерді жазалау көзделмейді. Керісінше, олқылыққа жол берген бизнес өкіліне заң бұзушылықты жоюға арнайы уақыт беріледі. Мүмкіндікті пайдалана алмаса, мемлекеттік орган жоспардан тыс тексеріс жүргізуге құқылы, деп жазады 24.kz.

Отандастарымыз тұтынатын өнімдердің 8 пайызы ғана Қазақстанда жасалған. Жеңіл өнеркәсіпке көңіл бөлініп келеді. Бірақ нәтиже айтарлықтай емес. Өткен жылы 8 жаңа кәсіпорын бой көтерген. Айта кетерлігі, өткен 90 млрд теңгеден аса өнім шығарылды. Биыл Түркістан, Алматы облыстары және Шымкент қаласында тағы үш жоба іске қосылмақ. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы отандық дизайнерлердің масс-маркетке шығуына қолдау көрсететін болды. Өнімдердің 38 пайызы киім-кешек. Бірақ ол киімдердің бағасы қарапайым тұтынушыға қолжетімсіз. Ал жоспарлы қадам жүзеге асса, қазақстандықтар отандық киім үлгілерін киіп жүретін болады.

Қазақстандық құс өсірушілер дабыл қағуда. Елімізде құс азығы тапшы. Одақ президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, субсидиялау үрдісі жолға қойылмай отыр. Нарықта жем сатылмайды. Былтыр ғана 40-42 теңгеге бағаланған 4-5 санаттағы астық құны екі есе қымбаттаған. Келісі – 80 теңге. Енді одақтың бар үміті жаңа үкіметте. Айта кетерлігі, бұрындары осындай мәселе туындағанда, жетіспеген азық қоры республикалық резервтен берілетін, арзандатылған субсидия да төленді. Жалпы, құс өнімдері мен жұмыртқа құнының 70 пайызы жемге тікелей байланысты. Жем арзан болса, баға да арзан. Бір қызығы, былтыр елімізде 20 млн тоннадан аса астық игерілді, алайда ол «байлығымыз» экспорттан аса алмай қалған сыңайлы.

Ираннан құс етін тасымалдауға тыйым салынды

Қазақстанда Ираннан құс етін әкелуге тыйым салынды. Бұл уақытша үрдіс жайлы Дүниежүзілік сауда ұйымының сайтында хабарланған. ҚР Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, бұл тыйымға Иран аумағындағы құс тұмауының өршуі себеп. Алайда құс етін тұтынушылардың қорқуына еш негіз жоқ. Өйткені елімізге бұл елден ет онсыз да тасымалданбайтын.