Елімізде пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

0
450

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы тіркелген.


Елімізде пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі 6 қыркүйектегі коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 151 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 24 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 623, 313 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 957 жетті.