Елімізде пневмониядан тағы 3 адам көз жұмды

0
660

1 тамыздан бері барлығы 443 өлім жағдайы тіркелді.


Елімізде пневмониядан тағы 3 адам көз жұмды

29 қарашада тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 164 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді», - делінген COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Сондай-ақ 72 адам қауіпті вирустан емделіп шықты.
Жалпы, 1 тамыздан бергі статистикаға жүгінсек: COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны – 42 104. Барлығы 443 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 30 494 жетті.