Елімізде пневмонияға шалдығушылар саны артты

0
539

1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушы науқастардың жалпы саны 41 203-ке жетті.


Елімізде пневмонияға шалдығушылар саны артты

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияға 44 адам шалдыққан, бір тәулікте одан 27 адам емделіп, сауықты.

1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушы науқастардың жалпы саны - 41 203, кісі өлімі - 427, жалпы бұл аурудан емделіп, жазылғандардың саны - 30 086.

Өткен тәулікте 7 адам коронавирустан қайтыс болды, пневмониядан кісі өлімі тіркелген жоқ.

Пандемия басталғаннан бері 1 990 адам коронавирустан, 1 тамыздан бастап 427 адам пневмониядан қайтыс болды.