Елімізде соңғы екі жылда 52 әскери лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлықпен сотталған

0
2 217

Оның 19-ы өткен жылы сотталған.


Елімізде соңғы екі жылда 52 әскери лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлықпен сотталған

ERNUR.KZ. Қазақстан қарулы күштерінде сыбайлас жемқорлыққа барған әскери лауазымды тұлғалардың саны былтыр 1,5 есеге азайған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау және арнаулы органдар сияқты Қарулы Күштерде Ішкі қауіпсіздік қызметі жоқ. Бұл кемшіліктерді жасыруға мүмкіндік бермейді, барлығы ашық түрде және кез келген құқық бұзушылық «жария болады» деп санайды Қорғаныс министрлігі.

«Екінші жағынан, ішкі қауіпсіздік қызметінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және бұзушылықтар профилактикасы бойынша мүмкіндіктерді шектейді.Осыны ескере отырып, Әскери полиция бас басқармасының құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы іс-қимыл басқармасы құрылды. Ол сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын талдаумен және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды дайындаумен айналысады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде 37 «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық офисі құрылды, оған кез келген азаматтың жүгінуіне болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде 2020 жылы сотталған әскери қызметкерлердің саны бір жарымнан астам есеге азайтылды», - деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа барған 33 адам сотталса, былтырғы жылдың он айында 19 тұлға темір торға қамалған. Әскери анттан аттап, лауазымын асыра пайдаланғандарға аяушылық болмайды. Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевтың сөзінше, әскерилердің арасында суицидке бару оқиғалары да қысқарған. Ол үшін «Әскерде қылмысқа орын жоқ» атты арнайы бағдарлама да қабылданған.

«Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тіркеу мәселесінде (2019 ж. – 31; 2020 ж. 10 айда – 26), сондай-ақ ол үшін сотталған адамдар (2019 ж. – 33, 2020 ж. 10 айда – 19) бойынша да көрсеткіштерді төмендетуге мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде жарақат алу 44%, қайтыс болғандар 48% азайды. Қарамағындағылардың әскери тәртібі үшін шенеуніктердің жеке жауапкершілігі күшейтілді. Нәтижесінде, өткен жылы әскери қызметшілер арасындағы әлімжеттік оқиғалары 2019 жылмен салыстырғанда 28 % төмендеді. Өз-өзіне қол жұмсау саны 44% азайған. Өткен жылмен салыстырғанда қалпына келтірілмейтін шығындар 48% -ға (68-ден 37-ге), жарақаттар 44% -ға (813-тен 471-ге), қылмыстық құқық бұзушылықтар 18% -ға (213-тен 175-ке дейін), әкімшілік 8% -ға (454-тен 418-ге дейін) азайған», -деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында генерал-лейтенант Н.Ермекбаев.