Елімізде спиртті ішімдік өндірісі 95,5 пайызға артты

0
476

Қазақстанда сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.


Елімізде спиртті ішімдік өндірісі 95,5 пайызға артты

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында сусын өндірісінің көлемі ақшалай көлемде 623 661,5 млн теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 8,9% өсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

10 айдың ішінде алкогольсіз 2 019 743,7 мың литр сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан.

«Минералды және газдалған (қантсыз, хош иістендірілмеген) 555 096,3 мың литр су өндірілді, бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 пайызға аз. Алкоголь зауыттары 10 айда 49 513,1 мың литр арақ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға артық. Табиғи жүзім шарабының өндірісі де 38,3% өсті – 24 340,4 мың литр», - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Бұл ретте сыра өндірісі төмендеді – 10 айда 604 127,9 мың литр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз.

Қазақстанда сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.