Елімізде суды үнемдеп тұтынудың жаңа тарифі енгізілді

0
400

Қазір ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен «Республикадағы сарқынды суларды қайта пайдаланудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.


Елімізде суды үнемдеп тұтынудың жаңа тарифі енгізілді

ERNUR.KZ. Биыл 11 ақпаннан бастап суды үнемді тұтыну мақсатында лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Суды үнемдеу үшін Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен 1 адамға шаққандағы тұтыну көлемінің белгіленген нормасы шегінде ауыз су қызметтеріне тұтыну көлемі бойынша саралау тетігі енгізілді», - деді Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өтіп жатқан «Республикадағы сарқынды суларды қайта пайдаланудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстелде жасаған баяндамасында.

Министрдің айтуынша, аталған бұйрық 11 ақпанда күшіне енді. Бекітілген бұйрықта суды тұтыну лимитін 4 деңгейлі тарифпен белгілеу көзделген:

І топ – айына 3 м3 дейін тұтынумен қолданыстағы тариф қолданылады (халықтың 49% тұтынады);

ІІ топ – айына 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +20%-ға жоғары (халықтың 20%-ы тұтынады);

ІІІ топ – айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +50%-ға жоғары (халықтың 20%-ы тұтынады);

ІV топ – айына 10 м3 астам тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен 100%-ға немесе 2 есеге жоғары (халықтың 11%-ы тұтынады).

«Жоғарыда аталған тәсілді қолдану Ұлттық экономика министрлігі деректері бойынша 13 млрд теңге қосымша табыс әкеледі. Табиғи монополиялар субъектілері бұл қаражатты желілер мен жабдықтарды реконструкциялау, желілердің тозу деңгейін төмендету және шығындарды азайту бағытына жұмсайды», - дейді ведомство басшысы.

Қазір ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен «Республикадағы сарқынды суларды қайта пайдаланудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.