Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

0
776

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 265 адамға жетті


Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

29 наурыз сағат 14:40 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Алматы қаласында - 3 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді.

Оның ішінде 18 адам аталған індеттен жазылып шықты. 1 адам көз жұмды.