Елімізде тағы бірнеше өңір «қызыл» аймаққа енді

0
2 449

«Қызылда» 7, «сары» аймақта 3 өңір бар.


Елімізде тағы бірнеше өңір «қызыл» аймаққа енді

Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің алты облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қаңтардағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары.
Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта.