Елімізде тікелей инвестициялар қоры құрылады

0
548

Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда Тікелей инвестициялар қоры құрылады


Елімізде тікелей инвестициялар қоры құрылады

ERNUR.KZ. Тікелей инвестициялар қорын құру мәселесі пысықталуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, елге инвестиция тарту жоғары бәсекеге қабілетті нарыққа байланысты болады. Инвестициялық преференцияларды немесе инфрақұрылымды қолдауды ұсыну жеткілікті бола бермейді.

«Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тікелей инвестициялар қорын құру мәселесі пысықталуда. Бұл қор анағұрлым перспективалы жобалар мен сұранысқа ие нысаналы да нақты инвестицияларды жүзеге асыратын болады», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, инвестиция тартуда әлеуетті инвесторлар үшін қажетті барлық ақпаратты қамтыған сапалы инвестициялық портал маңызды рөлге ие.

«Үкіметте бірқатар отырыстар өткізіліп, оларда маңызды мәселелер, соның ішінде инвестпортал туралы айтылды. Қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде инвестициялық порталдарды толтыру туралы мәселесіндегі барлық ескертулер жойылды. Қалғаны биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетсек, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында «Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет», - делінген болатын.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет