Елімізде тұңғыш рет асыл тұқымды қойлар аукционда сатылып жатыр

0
1 951

Аукцион барысында кейбір асыл тұқымды қойлар 200 мың теңгеге дейін сатылды.


Елімізде тұңғыш рет асыл тұқымды қойлар аукционда сатылып жатыр

фото: Әділет МҰСАХАЕВ

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Мыңбаев ауылында асыл тұқымды қойлар аукционмен сатылып жатыр. Бұл шара Қазақстан Қой шаруашылығы мамандығының ІІ съезі аясында ұйымдастырылған, деп жазады baq.kz.

Аукционға алғашқы болып Иль де Франс етті қойы шығарылды. Оның бастапқы құны 50 мың теңгеге бағаланды, алайда бәссауда кезінде 60 мың теңгеге сатылды.

IMG_20190829_090228.jpg

СПК Племзавод "Алматы" асыл тұқымды кооперативінің зоотехнигі Азиз Саудабаев Иль де Франс асыл тұқымды қошқарлады Белоруссиядан сатып алғандарын айтады.

IMG_20190829_094417.jpg

"Бұл негізінен француздардың етті әрі жүні бағалы қойы. Алғаш рет 2017 жылы қошқарларды сатып әкеліп жергілікті меринос қойлармен будандастырдық. Содан туған тоқтыларды бүгін әкеп отырмыз. Салмақтары 75-76 келі тартады. Ал үлкен қойлардың салмағы 135 келі. Бұл қойлар бізге тез жерсініп кетеді әрі ерекше күтімді қажет етпейді", - дейді ол.

IMG_20190829_101707.jpg

Аукцион барысында кейбір асыл тұқымды қойлар 200 мың теңгеге дейін сатылды.