Елімізде туристік аймақтарды интернетпен қамтуға қаржы жоқ

0
450

Байланыстың жоқтығынан 29 мамырда Шарын шатқалында болған оқиға туралы хабар беру мүмкін болмады.


Елімізде туристік аймақтарды интернетпен қамтуға қаржы жоқ

ERNUR.KZ. Туристік аймақтарды интернетпен қамтамасыз етуге қаржы әлі бөлінбеген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Оның хабарлауынша, еліміздің 1200 ауылы интернетке қосылмаған. Көбінің алыс шалғайда немесе таулы аймақта орналасуы байланыс операторлары үшін үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл өңірлерге желі тартуға қомақты қаражат керек. Бірақ ол ақшаны қай ведомство бөлетіні белгісіз.

Естеріңізге салайық, байланыстың жоқтығынан 29 мамырда Шарын шатқалында болған оқиға туралы хабар беру мүмкін болмады.

"Ұлттық саябақтарда, туристік аймақтарда байланыс орнату үшін базалық станциялар қажет. Біз антенналар қоя аламыз. Бірақ энергетика мәселесі біздің құзырымызда емес. Сол себепті біз қандай жұмыс жасау қажеттігін анықтаймыз. Үкіметке шығындар туралы ақпар береміз. Кейін Мәдениет және спорт министрлігі қаржы іздеуге кіріседі", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, Мусин коронавирусқа қарсы вакцина салдыртқан азаматтардың Ашық мобильді қосымшасындағы мәртебесі келер аптадан бастап жасыл түске боялатынын айтты.

Айта кетейік, енді бұл жүйені Каспий, Халық банк және eGov.kz платформалары арқылы қолдануға болады.