Елімізде ҰБТ электронды форматқа көшіріледі

0
1 173

ҰБТ кезінде оқушылар өздеріне емес, телефонға көбірек сенім артады.


Елімізде ҰБТ электронды форматқа көшіріледі

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"ҰБТ өткізу процедурасын өзгертуді жоспарлап отырмыз. ҰБТ кезінде оқушылар алдауға барады - телефондарын алып өтеді, өз біліміне сеніп, көбірек балл алуды ойламайды. Басқа факторлардың көмегімен жақсы тапсырып шыққысы келеді. Сондықтан біз ақырындап ҰБТ-ны электронды форматта тапсыртуды жоспарлап отырмыз. Бізге ҰБТ-ның грант берілу кезінде шынайылық пен әділдікке кепіл болғаны керек", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында.

Айта кетейік, Тамыз конференциясына Қазақстанның 2000-нан аса мұғалімі келді. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конференция барысында мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды.

"Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын", - деді Президент.