Елімізде утилизациялық алымнан босатылатын көліктер тізімі жарияланды

0
1 574

Экология және табиғи ресурстар министрлігі утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялған.


Елімізде утилизациялық алымнан босатылатын көліктер тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Елімізде 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап заңдастырылған көліктер утилалымнан босатылады, деп жазады exk.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Үкімет утилалым бойынша кешенді жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Экология министрлігі алда осыған қатысты тиісті құжаттарға түзету енгізбек.

16 қарашада Экология және табиғи ресурстар министрлігі утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялған. Жаңа құжат 2023 жылы қаңтардың ортасында күшіне енуі тиіс. Бірақ онда Президент заңдастыруды тапсырған шетелде тіркелген машиналардың бұл алымнан босатылатыны туралы жазылмаған.

Утилизациялық алым мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем алынатыны 31 қазанда белгілі болды. Бұл шешім Салық кодексіне өзгеріс енгізу жобасында қарастырылып отыр.

Экология министрлігінің өкілдері дайындалып жатқан құжат алдағы бірнеше жыл бойы қолданылатындықтан, тауарлар тізімін өзгертуге болмайтынын мәлімдеді. Ал шетелде тіркелген машинаны заңдастыру жұмысы уақытша мәселе, оған жеке түзету жазылады.