​Елiмiзде ұялы телефон ұрлығы азаяр емес

0
1 693

Министрдiң айтуынша, ең көп тараған қылмыс түрi – бөтен адамның мүлкiн тонау.


​Елiмiзде ұялы телефон ұрлығы азаяр емес

фото newsru.co.il

Елiмiзде үй тонау, ұялы телефон ұрлығы және ауылды жерлерде мал ұрлығы басылмай тұр. Бұл туралы халық алдында есеп берген ҚР Iшкi iстер министр Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өткен жылдан бастап елiмiзде қылмыс көрсеткiшi төмендеп келедi. Бұндай жағдай барлық өңiрде байқалып отыр. Мәселен, биылғы жылы Қазақстанда қылмыс деңгейi 12 пайызға азайған. Оның iшiнде тонау 15 пайызға, адам зорлау 14 пайызға, ұрлық 12,2 пайызға, бұзақылық 19 пайызға төмендеген. Қоғамдық жерлер мен көшелердегi қылмыс көрсеткiшi азайған», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, ең көп тараған қылмыс түрi – бөтен адамның мүлкiн тонау. Оның көрсеткiшi 67 пайызды құрайды. Ал кейбiр өңiрлерде одан да көп. Мысалы, Алматы қаласында 73 пайыз, Алматы мен Ақтөбе облыстарында 71 пайыз, Ақмола және БҚО-да 70 пайызды құрайды.

«Әрбiр бесiншi тонау фактiсi азаматтардың пәтерi мен үйiнде жасалады. Сондай-ақ, ұялы телефон ұрлығы әлi де кең тарап отыр. Ал ауылды жерлерде мал ұрлығы басылмай тұр. Және де есiрткiмен байланысты қылмыстар көп тiркелуде», - дедi Қалмұханбет Қасымов.