Елімізде жалғызбасты аналар саны артқан

0
988

Биыл олардың қатары жарты миллонға жеткен.


Елімізде жалғызбасты аналар саны артқан

Елімізде жалғызбасты аналар саны артуда. Тіпті, биыл олардың қатары жарты миллонға жеткен. Мамандар мұндай тенденцияның кең етек жаюы, яғни арулардың тым белсенді әрі тәуелсіз болуы тым дарақы ұрпақтың көбейіп кетуіне ықпал етеді деп қауіптенуде. Бірақ, жалғызбасты аналардың оған қатысты айтар басқа уәждері бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде 500 мыңға жуық жалғызбасты ана тіркелген. Оның ішінде ажырасқандар мен өздері үшін бала туып алғандар да бар. Қазір мұндай "статусқа" ие болу жастар арасында құдды бір трендке айналғандай. Әрі олар мұнысын «ешқайндай ұят» деп есептемейді, дейді сарапшылар. Ал, заманға сай бойжеткендер үйде де түзде де белсенді бола бастаған.

«Заман өзгеріп, әлеуметтік теңдік, гендерлік теңдік орын алған заман. Дәстүрлі заманда әйел еркекке тәуелді, қазір өзгерді, бізде еркектің өз өмірін қалай реттейді, қандай ұстанымдар өз еркі, демократия ел деген өз таңдауы», дейді әлеуметтанушы Рамазан Саттаров.

Жалғызбасты Рашида Естекбаева - кәсіпкер. Жолдасымен дәм-тұзы жараспай, бөлек тұруға шешім қабылдаған. Оның сөзінше, отбасында зорлық-зомбылық көргеннен гөрі, алаңсыз баланы бағып-қағып өсірген мың есе артық. Ал мұндай шешім қабылдаған аруларды жерден алып, жерге салып айыптаудың түк қажеті жоқ деп есептейді жалғызбасты ана.

Ал қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатша,қазіргі арулардың тым еркін, өзімшіл болып қалыптасуына ер жігіттер тікелей кінәлі деген пікірде.

" Ер азамат та еркекше, ер азамтша көтеру керек. Ол да жауапкершілікті сезіну керек, оның етегін ұстағананнан кейін, бірлесіп көтерген жүк жеңіл. Қаншама ата-ана жалғыз өсіп жатыр, жеңіл өмірге үйреніп қалды, үлкен бір отбасындағы тәрбие, ерді ерше, қызды қызша тәрбиелеу қажет", дейді қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатша.

Десе де мамандар арулардың тым белсенді әрі тәуелсіз болуы әкесіз балалардың көбейіп кетуіне ықпал ететінін айтады. Ал әке тәрбиесі жетіспеген жастардың теріс жолға түсіп кету ықтималдығы да жоғары көрінеді. Осы ретте, жастардың санасына отбасылық құндылықтар, ана мен бала, әкенің рөліне қатысты тәрбиені терең құйып, қоғам арасындаүгіт- насихат жұмыстарын жүргізген дұрыс дейді.