Елімізде жаңа мерекелер пайда болуы мүмкін

0
412

Құжат жобасы қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Елімізде жаңа мерекелер пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Министрлік мынандай мереке күндерін белгілеуді ұсынды:

  • Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр;
  • Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша;
  • Энергия үнемдеу күні – 11 қараша.

Құжатта түсіндірілгеніндей, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді. Құжат жобасы қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.