​ Елімізде жарты миллионнан астам адамның табысы күнкөріс деңгейінен төмен

0
675

102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды.


​ Елімізде жарты миллионнан астам адамның табысы күнкөріс деңгейінен төмен

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша 538 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды, деп жазады zakon.kz.

Осы айдағы дерек бойынша, 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді.

"Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды. Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды", - деп жазады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК отбасының әр мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сонымен қатар egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.