Елімізде жаз маусымында қосымша пойыздар жолға шығады

0
926

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлап, жол жүру билетін ертерек алуды ескертеді


Елімізде жаз маусымында қосымша пойыздар жолға шығады

ERNUR.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз маусымында қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл туралы Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз орталығы хабарлады, деп жазады almaty.tv.

№207/208 «Алматы – Шымкент» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызы 13 маусым мен 30 тамыз аралығында аптасына екі рет жүреді.

№205/206 «Маңғыстау – Бейнеу» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін күнара қатынайды.

Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап тамыздың 30-ына дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан – Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, ертерек жол жүру билеттерін алуды ескертеді.