Елімізде жұма намазын оқуға ресми рұқсат берілді

0
696

Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.


Елімізде жұма намазын оқуға ресми рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды, деп жазады baq.kz.

Қаулыға сәйкес еліміздегі мешіттер аумағында жұма намазын оқуға рұқсат берілді.

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады, – делінген қаулыда.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының алғашқы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандарының жұма намазын асыға күтіп жүргенін хабардар еткен еді.

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірген болатын.