Еліміздегі 6 облыста көлік қозғалысы шектелді

0
198

Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды.


Еліміздегі 6 облыста көлік қозғалысы шектелді

ERNUR.KZ. Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар 8 жолда автокөлік қозғалысы шектелді, деп жазады inform.kz.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалыс шектелді.

5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруінен 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды.