Еліміздегі автокөліктердің 65% ескірген

0
111

Жеңіл автокөліктер санының өсуі еліміздің 4 аймағында тіркелген.


Еліміздегі автокөліктердің 65% ескірген

ERNUR.KZ. 2019 жылдың шілде айында елімізде тіркелген жеңіл автокөліктер саны 3,7 миллионды құраған, бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 5,5% аз, деп жазады baq.kz.

Жеңіл автокөліктер санының өсуі еліміздің 4 аймағында тіркелген. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында - 2,6%, 265 мыңға, Алматы облысында - 1,2%, 489,3 мыңға, сонымен қатар Жамбыл мен Қызылорда облыстарында - 0,1% артқан.

Сондай-ақ, нөмірі дипломатиялық көліктердің саны 29,1 мыңға көбейген.

Оның үстіне елімізде тіркелген көліктердің 65%-ы ескірген, яғни жүргеніне 10 жылдан асқан. Керісінше, жүргеніне үш-ақ жыл болған жаңа көліктер саны төмендеп кеткен, өткен жылы олар 25,9%-ды құраса, қазір 13,2% шамасында.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет