Еліміздегі букмекерлік кеңселерді жабу керек – Сәдібек Түгел

0
335

Қазақстандағы букмекерлік кеңселерді жауып, ұлттық ойындарды дамыту қажет


Еліміздегі букмекерлік кеңселерді жабу керек – Сәдібек Түгел

ERNUR.KZ. Қазақстандағы букмекерлік кеңселерді жауып, керісінше ұлттық ойындарды дамытуға ден қою қажет. «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен кандидат Сәдібек Түгел осындай бастама көтерді, деп жазады almaty.tv.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған үміткер құмар ойындары қоғам үшін қауіпті дерт деп санайды. Мәселен, Щучинск қаласында 3 букмекерлік кеңсе бар екен. Азаматтардың көбі айлық табысын осында салатындықтан, мұндай орталықтардың көзін жою қажет дейді кандидат.

«Бұл да бақсылық сияқты ғой – арбаудың бір түрі. Адамның психологиясы құмарлыққа салынып кетеді. Осыдан ада болғанымыз дұрыс. Бір сөзбен айтқанда, букмекерлік ойындар бізге керек емес», – деді Президенттікке үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.

Букмекерлік кеңселердің жұмысы футболдан әлем чемпионаты кезінде қызады. Бір күнде бір мекеменің өзінде мыңнан астам адам бәс тігеді екен. Кандидаттың айтуынша, алдағы уақытта асық, тоғызқұмалық, жамбы ату сынды ұлттық ойындарды дамытуға ден қойған жөн. Сондықтан Президенттіккке үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласында асық атудан турнир өткізді.

«Қазір осы асық атуға көп мән беріліп жатыр. Жыл сайын көптеген турнирлер бізде өткізіледі. Бұл ойында тек қана атып тұрмайсың, ептілік пен қимыл-қозғалыс керек», – дейді студент Тілеухан АРМАНБЕК.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет