Еліміздегі қорғандарды зерттеуге Ұлыбританиялық археологтар келді

0
2 121

Қазба жұмыстары жүргізілген аумаққа Семияр орта мектебінің оқушылары келіп, экскурсия жасап қайтты


Еліміздегі қорғандарды зерттеуге Ұлыбританиялық археологтар келді

ERNUR.KZ. ШҚО Бесқарағай ауданындағы көне ескерткіштер құпиясын ашуға Англиялық археологтар келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, ШҚО Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округінің маңындағы тарихи қорғандарға зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оны Ұлыбританиядан келген бес археолог пен Павлодар мемлекеттік университетінің мамандары зерттеу үстінде.

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, қазба жұмыстары барысында талай дүние табылған. Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкері Виктор Карловичтің айтуынша, өңірде әлі зерттелмеген жерлер көп.

«Қазба жұмыстары жүргізілген аумаққа Семияр орта мектебінің оқушылары келіп, экскурсия жасап қайтты. Біз балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмастық», – дейді Виктор Карлович.