​Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

0
1 211

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады


​Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

ERNUR.KZ. Синоптиктердің болжауы бойынша алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады, деп жазады Baq.kz.

Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді.

Бірақ суық түспей тұрып, Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар, республиканың солтүстігі арқылы жылжып, қар жауу, бұрқасын, күшті жел мен көктайғақ күтілуде.