Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0
689

Кей жерде тұман, көктайғақ болады.


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы 14 қарашада еліміздің 7 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

14-16 қарашада Жамбыл облысында кей жерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 15 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.

14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз 14-15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с жетеді.

14 қарашада батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

14 қарашада Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

14 қараша күні Түркістан облысында тұман түседі.

14 қарашада Ақмола облысында кей жерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 жетеді.

14 қарашада Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.