Еліміздің бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет

0
2 998

Ал кей өңірде жаңбыр, қар жауады.


Еліміздің бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК 11 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз, көктайғақ болатынын, ал кей өңірде жаңбыр, қар жауатынын болжады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні - 15-20 м/с.Түнде облыстың басым бөлігінде 40-41 градус, облыстың солтүстігінде 45 градус аяз болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында көп мөлшерде қар жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ.

Алматыда кей уақытта тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын көп мөлшерде (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.