Еліміздің екі облысында республикалық автожолдар жабылды

0
283

Көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.


Еліміздің екі облысында республикалық автожолдар жабылды

ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында– 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек– 59 км.

  • (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Түркістан облысында – 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к. – 59 км.

  • (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылдырылды.