Еліміздің тағы бір өңіріне төтенше жағдай енгізілді

0
496

​Бұған дейін президент Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялаған болатын.


Еліміздің тағы бір өңіріне төтенше жағдай енгізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдайды енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"2022 жылғы 5 қаңтардағы 12 сағат 30 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Алматы облысының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін", - делінген жарлықта.

Сонымен қатар Алматы облысында төтенше жағдай күшінде болатын кезеңде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізіледі.

Алматы облысының коменданты болып Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев тағайындалды.