Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
750

Еліміздің кей өңірінде аптап ыстық, ал бірнеше өңірінде дауыл тұрады.


Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызылорда облысы

26 мамырда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Маңғыстау облысы

Күндіз 26 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысы

26 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 26 мамырда батыста 400С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қаласы

26 мамырда шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 мамырда СҚО-да тұман түсіп, жел екпіні күндіз 15-20 м/с-ге дейін жетеді, түнде 25 м/с-ге дейін жетеді.

Петропавл қаласы

26 мамырда жел күші 15-20 м/с-ге дейін жетеді.