Еліміздің үш өңірінде ауа райы күрт бұзылады - Қазгидромет

0
1 945

Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.


Еліміздің үш өңірінде ауа райы күрт бұзылады - Қазгидромет

иллюстрациялық фото

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 облыста ауа райының күрт бұзылуына байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

2 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Қызылорда қаласында 2 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.

2 шілдеде Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Шымкент қаласында 2 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында 2 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет