Елімізге келуге ынтық грузиндер саны көбейді

0
1 344

​Туристер қазақ жерінде отбасы, жора-жолдастарымен бірге демалуды жөн көреді.


Елімізге келуге ынтық грузиндер саны көбейді

фото:24.kz..

ERNUR.KZ. Грузин саяхатшылары Қазақстанға ағылуда, деп жазады 24.kz..

Қазақстанға визасыз кіре алатын 48 елдің тізімінде Грузия да бар. Бұл режим енгізілгеннен бері елімізді көруге ынтық грузиндердің саны еселеп артты. Өйткені олар 90 күнге дейін еш алаңсыз жүре алады. Тарихи ескерткіштер мен заманауи озық технологиялары үйлесім тапқан Қазақстанның көрікті жерлері грузиндердің көңілінен шыққан сыңайлы.

Хатуна Конджария, Тбилиси қаласының тұрғыны: – Қазақстанға бару арманым еді. Өйткені мен бұл ел жайында көп еститінмін. Осыдан 3 жыл бұрын іс-сапармен алғаш рет Астана қаласына бардым. Керемет әсер қалдырды. Жиі ел араласам да қазақ халқы сияқты жайдары, жайлы, мейірімді халықты кездестірген емеспін. Көп жылдан бері Арал теңізін көруді армандап жүрмін. Қараша айында билет алып, жолға шықпақ ойым бар.

Туристік компания өкілдерінің мәліметі бойынша соңғы жылда Қазақстанға Грузиядан келген туристер ағыны 75 пайызға артты. Қысқа мерзімді іс-сапар кезінде Орталық Азия мәдениетіне таң қалған саяхатшылар Ұлы Жібек жолында орналасқан киелі шаһарларымыздың да шежіресімен танысуға ниетті. Моника Ватибашвили, туристік агенттіктің қызметкері: – Бұрын грузиндер Қазақстанға іс-сапармен ғана барса, қазіргі таңда бұл ел курорттық аймақ ретінде қызықтырады. Саяхатшылардың көбі Түркістан қаласын таңдайды. Тарихы тереңде жатқан ежелгі қала сәулет ескерткіштері мен мешіттерге бай. Сонымен қатар Қазақстан көрікті табиғатымен көздің жауын алады. Бүгінде жергілікті туристік компаниялар Қазақстандағы саяхатты қолжетімді әрі жан-жақты етіп ұйымдастыруға білек сыбана кірісті.