Елімізге шетелден 28 мың маман келіп жұмыс істеуі мүмкін

0
448

Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 мың шетел азаматы жұмыс істеп жүр. Дені Қытайдан келген.


Елімізге шетелден 28 мың маман келіп жұмыс істеуі мүмкін

Биыл елімізге шетелден 28 мың маман келіп жұмыс істеуі мүмкін. Еңбек министрлігі осынша квота бөліп отыр. Мамандар құрылыс, мұнай-газ, тау-кен, өнеркәсіп, тіпті ауыл шаруашылығы салаларына да қажет, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Ресми дерекке сүйенсек, қазір елімізде 15 мың шетел азаматы жұмыс істеп жүр. Дені Қытайдан келген. Одан кейін Түркия, Үндістан, Ұлыбритания, Өзбекстаннан келгендерге сұраныс бар.

Биыл министрлік тағы төрт санат бойынша жұмысшыларды шақыруға рұқсат берген. Ал тізім жергілікті атқарушы органдардың сұранысымен жасалған. Алайда алдағы уақытта квота саны азаю да мүмкін. Өйткені бизнес өкілдерімен кездесуде Президент олар жоғары жалақы сұрайды және еңбекке қабілеті жоқ деп, «отандастарды шеттетуді доғарыңдар» деп тапсырма берген болатын.Тоқаев басшыларды да жергілікті мамандар арасынан таңдауды тапсырған.

"Жұмыс берушілер Атырау облысында ең басым боп тұрады, қажеттіліктен. Мысалға айтатын болсақ, осы жылға 7 мыңнан астам квота бөлдік. Еңбек кодексіне сәйкес, шетелдік азамат пен Қазақстан азаматының бір жұмыста бір маман боп жұмысқа орналасқандардың айырмашылығы болмайды. Өйткені оның барлығы заңнамада көрсетілген. Мысалға, инженер боп жұмыс істейтін қазақстандық азамат болсын, шетелдік азамат болсын, олардың жалақысы болсын, қойылатын бүкіл шарты– тең", - дейді Берік Есқараев, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бас сарапшысы.