Елорда әкімдігі қоршауға алынды: тұрғындар вакциналауға қарсы митингке шықты

0
625

​Қалалық әкімдік алдындағы алаңға жиналған адам көп емес, полиция бірен-саранын ұстаған.


Елорда әкімдігі қоршауға алынды: тұрғындар вакциналауға қарсы митингке шықты

ERNUR.KZ. Елордада міндетті вакциналауға қарсылық білдірген тұрғындар митингке шықты. Әлеуметтік желіде қоршауға алынған әкімдік ғимаратының суреті тарады, деп жазады sputnik.kz.

Қоршалған әкімдік түсірілген сурет Telegram-да жарияланды.

Әкімдік ғимаратынан бөлек Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршалған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.

Әзірге елордалық әкімдік пен полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.