Елорда тұрғындарын үрейленбеуге шақырды

0
1 092

Астанада дабыл қағылады, ТЖД сабыр сақтауға шақырды


Елорда тұрғындарын үрейленбеуге шақырды

ERNUR.KZ. Елорданың ТЖД осы аптада қала тұрғындарын үрейленбеуге шақырды, деп жазады Baq.kz.

"Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылдың 8 қарашасында 09 сағат 55 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді. Аталмыш тексеру жоспар бойынша жүргізіледі", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Департамент тұрғындарды сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырды.

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек. Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.