Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп қайтыс болды

0
995

Қазіргі уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.


Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», - дейді ведомстводан.