​Елордада 2 мыңға жуық ата-ана атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берді

0
946

Тұрғын үй жағдайларын тексереді, содан кейін АӘК тағайындау туралы анықтама беріледі.


​Елордада 2 мыңға жуық ата-ана атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берді

ERNUR.KZ. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың алғашқы күні мыңнан астам адам өтініш білдірсе, екінші күні 800-ге жуық тұрғыннан өтініш келіп түскен, деп жазады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 128 адам автоматты түрде АӘК алушы болып табылады.

«Әзірге өтінімдерді қабылдаймыз, содан кейін оларды өңдейміз. Бұдан әрі бұл тізімді учаскелік комиссияға береміз. Олар тұрғын үй жағдайларын тексереді, содан кейін АӘК тағайындау туралы анықтама беріледі. Осының барлығы артық дегенде 5 жұмыс күні ішінде істеледі», - деп мәлімдеді қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінін.