Елордада 7 жасар қыз әкесі анасын ұрып-соққанын полицияға хабарлаған

0
621

Тәртіп сақшылары жанжал шыққан үйден аңшылық қару тәркіледі.


Елордада 7 жасар қыз әкесі анасын ұрып-соққанын полицияға хабарлаған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 7 жасар қыз әкесі анасын ұрып-соққаны туралы «102» пультіне хабарлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Шақыртуға сәйкес оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, тексеру барысында 43 жастағы отағасының алкогольдік ішімдік ішіп, отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықтаған.

Сондай-ақ жанжал шыққан үйден аңшылық қару табылып, оны тәртіп сақшылары тәркілеген. Аталған факті бойынша ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.