Елордада автобус аялдамасының әйнегі құлап, 2 адам жарақат алды

0
348

Оның бірі орнынан тұра алмай қалды.


Елордада автобус аялдамасының әйнегі құлап, 2 адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Екеуі де шұғыл қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген, деп жазады inform.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан автобус аялдамасы әйнегінің қатты желден ықтап тұрған 2 адамның үстіне құлағанын байқауға болады.

Оның бірі орнынан тұра алмай қалды.

Екі адам да бірден қалалық көпбейінді №1 ауруханаға жеткізілген.

«Жан-жақты тексеріп қарау және тексеру негізінде жарақат алған пациент стационарға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. Қазіргі уақытта жедел ем тағайындалды. Екінші пациент аумақтық тіркелу орны бойынша қалалық емханаға амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді осы оқиға қатысты мән-жайды түсіндірген қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.