Елордада балалар көпқабатты үйдің шатырына шығып, велосипед тепкен

0
776

Паркингтің шатырға шығатын есігі ашылып қалған.


Елордада балалар көпқабатты үйдің шатырына шығып, велосипед тепкен

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елордада көпқабатты үйдің шатырында шығып ойнап, велосипед тепкен балалардың видеосына қатысты мән-жайды түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерге талдау жүргізу барысында елордадағы «Арман Қала» тұрғын үй кешеніндегі паркингтің шатырында бір топ баланың велосипед теуіп жүргенін анықтадық. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанды.

Анықталғанындай, паркингтің шатырға шығатын есігі ашылып қалып, балалар сол жақтан кіріп кеткен. Тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ұйыммен жүргізілген жұмыс барысында ол есікке құлып салынды. Үйдің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлайды департаменттен.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Егер сіз шатырға немесе паркингке шығатын есіктің ашық тұрғанын көрсеңіз, тұрғылықты жердегі ПИК-ке бірден хабар беріңіз», - деп ескертеді полиция.