Елордада бас шырша шамы жағылды

0
1 255

Бас шырша шамы осымен үшінші жыл қатарынан EXPO көрмесінің аумағында жағылуда.


Елордада бас шырша шамы жағылды

ERNUR.KZ. EXPO көрмесінің аумағында еліміздегі бас шыршаның шамы жағылды, деп жазады Елорда Инфо.

Салтанатты жиында сөз алған елорда әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Биыл да бірқатар жетістікке қол жеткіздік. Қаламыз күн санап көркеюде. Балаларға арнап мектеп, балабақша, спорт нысандарын салдық. «Жастар жылында» жұмыс істейтін жас елордалықтар 1050 пәтерге ие болды. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтар да баспанамен қамтылуда, жақын арада оларға тағы 600 пәтердің кілтін табыстаймыз. Лайым осындай игіліктер көбейе берсін», – деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, бас шырша шамы осымен үшінші жыл қатарынан EXPO көрмесінің аумағында жағылуда. Аталған нысанның маңында жаңажылдық инсталляциялар мен мұздан жасалған мүсіндер, сондай-ақ сырғанақтар мен төбешіктер орнатылған.