Елордада бір үйдің екі қызы 4-қабаттың терезесінен құлап кетті

0
1 471

Олар терезедегі тормен ойнаған.


Елордада бір үйдің екі қызы 4-қабаттың терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Ересектердің немқұрайлылығы мен жауапсыздығы – көбінесе балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануына және қаза болуына әкеліп соқтыратын әртүрлі төтенше жағдайларға себеп болады, деп жазады baq.kz.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересектердің қамқорлық жасауынан басталады. Себебі, ата-аналардың жауапсыздығы салдарынан қаншама бала қаза болып, қаншама бала жарақат алды.

Жыл басынан бері су айдындарында 123 бала суға батып, 119 бала құтқарылды.

"Биыл жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Средигорное ауылында үш күндік іздестіру шараларынан кейін зардап шеккендердің үйінің ауласында орналасқан құдықтағы балшықтың астынан 2 жасар баланың денесі табылды. 26 тамыз күні Ақтөбе облысының Бадамша ауылында жергілікті тұрғындар өзенге батып кеткен 4 жасар баланың денесін алып шықты", - делінген ІІМ хабарламасында.

ІІМ баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына кінәлі немесе құрбаны болмау үшін балаларға жол жүру ережелері туралы еске салып отыру дұрыс деп есептейді

"Оларды жолда және қоғамдық көлікте барынша сақ болуға үйретіңіз. Автокөлікпен жүргенде балалар үшін қауіпсіздік белдігі және балалар креслосы туралы ұмытпаңыз. Баланың өмірі - жол қауіпсіздігі мәселесінде үлкен маңызға ие", - деп атап өтті ІІМ.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаңа оқу жылының басталуымен жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі айтарлықтай артады.

"Құрметті ата-аналар, жолда жүру дағдыларын қалыптастырудың негізгі тәсілі – қадағалау жасау, үлкендердің өздері жол ережесін сақтап үлгі болуы керек. Биылғы жылы жол-көлік оқиғаларында 118 бала қаза тауып, 2 275 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды", - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды өз балаларын қараусыз үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.

"Биыл 26 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында 4 қабаттың терезесіндегі тормен ойнап отырып, 8 жасар қыз және оның кіші сіңлісі құлап, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жасөспірімдер сіздің қамқорлығыңызға және ата-ана бақылауына өте мұқтаж екенін есте сақтаңыз", - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, туыстарымен, ата-аналармен арадағы келіспеушіліктер және жалғыздық сезімі кейде өзіне-өзі қол жұмсауға әкеледі. Биылғы жылдың өзінде 312 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, оның 108-і өліммен аяқталды.

Балалардың назарын өрттердің ең көп таралған оқиғаларына аударыңыздар: бұл отпен ойнату, сөндірілмеген көмір, күл, от, қысқа тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану, осының барлығы өртке әкелуі мүмкін және оның салдарынан болған зарпатың орны толмайды. Ағымдағы жылы тұрғын үй секторындағы өрт кезінде 16 бала қаза болды.

"Балалардың түнгі уақытта ересектердің қадағалауынсыз көшеде жүруіне жол бермеңіз. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін ағымдағы жылы 40 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың бос уақытын қатаң бақылау керектігін ұмытпаңыз. Қандай тәсілмен қадағалайсыз, ол өз таңдауыңызға байланысты", - деп ескертті ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.