Елордада бойжеткен тұрақтағы көліктердің терезесін кірпішпен ұрып сындырды (видео)

0
647

Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


Елордада бойжеткен тұрақтағы көліктердің терезесін кірпішпен ұрып сындырды (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Елордада тұрақтағы көліктер пен аялдаманың әйнегін сындырған қыз ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz

Полиция мәліметінше, сағат 22:11-де Полиция Департаментінің жедел басқару орталығына Бөгенбай батыр даңғылы бойында белгісіз біреу аялдаманың және жақын маңда тұрған көліктердің әйнегін сындырып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қыз аялдаманың әйнегін кірпішпен сындырғаны анықталды, содан кейін Toyota Corolla мен Nissan маркалы көліктердің артқы әйнегін шаққан.

Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Ұсталған қыз қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін сот алды тергеу басталды. Шығын сомасы есептеліп жатыр", - деді "Байқоңыр" ауданы ПБ басшысының орынбасары Дархан Сайранбеков.