Елордада іздеуде жүрген 13 жасар қыз түнгі клубтан табылды

0
475

Оның ата-анасына айыппұл салынды.


Елордада іздеуде жүрген 13 жасар қыз түнгі клубтан табылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда «102» арнасына қала тұрғынынан 13 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жасөспірім қызды іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды, деп жазады Аzattyq Rýhy.

Сол күннің ертеңінде қыз бала әжесінің үйіне барғаны белгілі болды. Сарыарқа ауданының ювеналды полиция қызметкерлері анықтағандай, түнгі сағат 22.00-ден 02.00-ге дейін ол достарымен Бөгенбай батыр даңғылындағы түнгі клубтардың бірінде «party» ұйымдастырған.

«Кәмелетке толмаған қыз баланың түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүргені үшін ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Сол сияқты, мұндай оқиғалар қайталанбас үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді. Клуб иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Демалыс күндері полиция қызметкерлері заңды өкілдерінсіз үйінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 18 баланы анықтады. Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», - делінген қалалық Полиция департаменті хабарламасында.