Елордада карантин тәртібін бұзған 86 адам қамауға алынды

0
691

14 адамға айыппұл салынды.


Елордада карантин тәртібін бұзған 86 адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин тәртібін бұзған 86 адам қамауға алынғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, карантин режимінің күшейтілуіне қарамастан кейбір азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде жүрген. 28-31 наурыз аралығында полицияға 307 жеткізіліпті.
"3 күннің ішінде полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. 2 мыңнан астам профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 22 наурыздан бастап, яғни карантин режимі басталғалы бері төтенше режимін бұзған 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 86-сы қамауға алынды, 202 адамға айыппұл салынды, 64 адамға ескерту жасалды. 17 іс сотта қаралды", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн-брифингте.
Сондай-ақ, ол қаладағы бақылау-өткізу бекеттерінде заң бұзу фактілері тіркелгенін атап өтті.
"98 адам жазаға тартылды. Оның ішінде 80 адамға қамауға алынды. 14 адамға айыппұл салынды. 4 іс сот қарауында жатыр", - деді Ержан Сәденов.
Департамент басшысының айтуынша, карантин режимін бұзған 116 кәсіпкер де жазаға тартылыпты.
"Оның ішінде бесеуі қамауға алынды, 102 адамға айыппұл салынды. 9 іс сот қарауында жатыр", - деді ол.