Елордада «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр

0
757

Биыл он бірінші рет өтіп жатқан дүбірлі додаға 36 балуан қатысуда.


Елордада «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстанның бас қаласында елорда күніне орай ұйымдастырылған, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп жазады baq.kz.

«Барыс Арена» мұз айдынында өтіп жатқан балуандар бәсекесінің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сейдірұлы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Ерғалиев Самат Серікқанұлы және “Қазақтелеком” АҚ басқармасының төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биыл он бірінші рет өтіп жатқан дүбірлі додаға 36 балуан қатысуда.
Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "бүк" ұпайынсыз өтуде.
Балуандар додасын жанкүйерлер Qazaqstan, Qazsport арналары арқылы тікелей эфирден көре алады.

Турнирді Мәдениет және спорт министрілігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Qazaqstan Barysy" қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастыруда.